"Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі" тақырыбында ашық сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді
Рыспаева Роза Сәрсембиевнаның ұйымдастыруымен ата-аналардың қатысуымен "Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі" тақырыбында ашық сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Қызықты тренингпен бастап, ата-аналарға жағымды ахуал туғызып, түрлі қызықты тапсырмаларды ұсынып, бірлесе атқарып, ата-аналарға қолдау көрсете білді. Ата-аналар да өмірде болып жатқан оқиғаларды алға тарта отырып, сіз және біз болып жұмыс атқарсақ алынбайтын күш жоқ екендігін тіліне тиек етті және де қауіпсіздік ережелері бойынша қосымша мағлұматтар да беріліп, соңы тәттімен шәйға ұласты. Ата-аналар Көңіл- күйлерін кері байланыс орнату арқылы жеткізді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены