Құрметті әріптестер, 20.02.2023 жылы «Әдістемелік өнімді әзірлеу технологиясы» атты экспресс-курстың үшінші вебинары өтеді.
Спикер - Ғабдуллина Бахыт Мырзағалиевна, «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары.
Вебинар тақырыбы: «Әдістемелік құрал - әдістемелік өнім түрінде және оның құрылымы мен міндеттері».Онлайн түрінде өтетеін кездесуде сіздер сұранысқа ие оқу-әдістемелік өнімдердің түрлерімен, дидактикалық қағидаттармен және өнімді әзірлеудің авторлық ұстанымдарымен танысасыздар.
Әдістемелік өнімдерді әзірлеу және ресімдеу алгоритмдері және құрылымдық талаптары бойынша нұсқаулықтар сіздерге авторлық сапалы өнім әзірлеудегі шығармашылығыңызда SWOT-көмекші қызметін атқарады.