Бүгін бүкіл Республика бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Бүгін бүкіл Республика бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.
13-14 ақпанда олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтеді, оған өңіріміздің білім беру ұйымдарының 223 оқушысы қатысады.
Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада электрондық форматта, «Еl umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камерадан фотофиксациямен және минут сайын экран скринымен прокторинг сервисін пайдалана отырып өткізілетін болады.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 13.02.2023 в 11:20