2023 жылдың 24 қаңтарында мектеп кітапханасында жазушы, ғалым, академик, қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Д.А.Қонаевтың жан-жақты өмірі мен оқушыларды таныстыру. Кемеңгер тұлғаның мемлекет пен халық алдындағы сіңірген еңбегін, қайсарлығын, қайсар саясатын үлгі ету. Оқушыларды отансүйгіштікке, халқымыздың құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Көрмеге 5-6-сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар Д.А.Қонаевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен «Менің уақытым туралы», «Сталиннен Горбачевке дейін» таныстырылды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены