Меню KDT
 «Менің ата-анамның кәсібі»


          Кәсіптік бағдарлау айлығы аясында 7 «Л», 6 «В», 6 «Г», 6 «Д», 6 «И» сынып оқушылары Астана қаласы, СП және ТЖД АҚЖ №17 өрт сөндіру бөліміне барды. Өрт сөндіру бөлімінде балаларға ғимарат бойынша экскурсия жүргізілді. Онда қарауыл үй-жайларын, кезекші-диспетчерлік қызметті көрсетті. Ал балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Өрт сөндіруші балаларға өрт сөндіру машиналарын, өрт сөндіру-құтқару жабдықтарын таныстырды.
      Нәтижесінде, балалар күнделікті өртті сөндіру, адамдарды құтқарумен айналысатындармен сөйлесуден көптеген пайдалы ақпараттар алды. Біз №17 өрт сөндіру бөліміне осындай қызықты, пайдалы ақпаратқа толы экскурсия үшін алғысымызды білдіреміз!

 


Комментариев нет
229 просмотров
Автор: 16mektep
Добавлено: 26.01.2023 в 19:10

Возможно вас заинтересует...!