2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 44 мектепке дейінгі ұйымдары мемлекеттік аттестаттауға жатады...

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 44 мектепке дейінгі ұйымдары мемлекеттік аттестаттауға жатады.
Облыстық «Тірек» жобасын іске асыру аясында 2023 жылдың 9 қаңтарында мектепке дейінгі ұйымдар мен әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, әдіскерлерімен онлайн – кеңес өтті. Диалог барысында қатысушылар білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды талқылады.
Педагогтердің назары уақтылы дайындық жұмыстарына, өзін-өзі бағалау материалдарын, растайтын материалдарды дайындауға аударылды.. Қатысушылар мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтудің табыстылығы бүкіл ұжымның сауатты жоспарланған қызметіне байланысты екенін атап өтті.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 10.01.2023 в 17:00