Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік - әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 31 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екендігін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Бүгінгі күні мектебімізде 1 "В" сынып оқушыларының қатысуымен "Мен - елімнің патриотымын!" тақырыбында ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті.