30 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепшілік олимпиада өткізілді.
Мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара 5-11 сыныптар аралығында өтті. Барлығы 19 оқушы қатысты. Бағалау көрсеткіші жалпы 30 балл. Олимпиада екі кезеңнен тұрды.
1- кезеңде қатысушылар мәтін бойынша оқылымға байланысты 5 тест сұрағын және грамматика-лексикаға байланысты 20 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындады.
2-кезеңде оқушылар өз таңдауларына байланысты бір тақырыпта эссе жазды.
Нәтиже бойынша 5-6 сыныптар аралығында:
5 «А» сынып оқушысы Кислая Ева I орын, 5 «Б» сынып оқушысы Федянина Валерия II орын, 6 сынып оқушысы Бабинова Диана II орын, 6 сынып оқушысы Лукьяненко Олеся және Дробова Дарья III орын иеленді.
7-8 сыныптар аралығында 7 «Б» сынып оқушысы Савощик Ярослав I орын, 7 « Б» сынып оқушылары Кеда Анастасия II орын, Синева Анастасия мен 7 « А» сынып оқушысы Дробова Маша III орын, 8 «Б» сынып оқушысы Сеитова Ханна I орын, 8 «А» сынып оқушылары Ибраев Расул II орын және Судьин Андрей III орын иегерлері атанды.
9-11 сынып оқушылары аралығында: 9 сынып оқушылары Сербина Наталья I орын, Нурланова Анель II орын, 10 сынып оқушылары Антонова Юлия I орын, Наконечная Ксения II орын, Нурланов Амир мен Ким Елизавета III, 11 сынып оқушысы Макуха Алина орынға II орынға ие болды.
Барлық қатысушылардың алдағы уақытта үлкен белестерден көрінулеріне тілектеспіз. Құттықтаймыз!
Автор: b039skobilim
Добавлено: 01.12.2022 в 15:29