Бүгін, 21 қараша “Оқуға құштар оқушы” атты бастауыш бірлестік апталығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылардан ертегілер тақырыбын табу мақсатымен сиқырлы жәшік ойыны ойнатылды. Ертегіге құмар оқушылар жарыса жауап берді. ӘБ-нің жетекшісі Касимова Р.Б. апта бойы өткізілетін жұмыс жоспарымен оқушыларды таныстырып өтті. Апталықтың балалар біліміне қосар үлесі мол болары анық. Алда қызықты әрі құпиялы тапсырмаларға толы шығармашылық жұмыстар өткізіледі.
Автор: b126skobilim
Добавлено: 21.11.2022 в 12:36