Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде “Ұлағатты ұрпақ” жобасы және тілдер мерекесі аясында "Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры" атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті. Кездесу кеш қонағы ретінде ақын, жазушы, журналист, сазгер, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, бірінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған "Халықтың көші қоны туралы" заңының авторы Әкім Ысқақ шақырылды.
Кеш барысында оқушылар ақынның тіл туралы өлеңдерін оқып, әуені мен сөзіне жазылған әндерді шырқады және де кеш барысында оқушылар мен мектеп ұстаздары қоғам қайраткеріне сұрақтар қойып, сауалдарына жауап алды. Кеш соңында Әкім Ысқақ шараның өтуіне атсалысқан мектеп әкімшілігі мен оқушыларға және ұстаздарға өз алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены