Меню KDT
«Отпен ойнама!» және «Өрт кезіндегі мінез-құлық және әрекет ету ережелері» сынып сағаттары


2022 ж. 05.09  «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 1-4 сынып оқушыларына «Отпен ойнама!» тақырыбы бойынша, 5-11 сынып оқушыларына «Өрт кезіндегі мінез-құлық және іс-қимыл ережелері» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: адам өміріндегі оттың рөлін көрсету; өрттің пайда болуына әкелетін себептерді анықтау; өрт кезіндегі мінез-құлық ережелерімен таныстыру. Оқушылар оттың адам өміріндегі рөлімен танысты. Сондай-ақ өрттің негізгі себептері және оны болдырмау үшін сақтық шараларыми танысты.

 Іс-шарада оқушылар өрт кезінде түрлі жағдайларды ойнады. Өрт ашық отпен, жоғары ауа температурасымен, улы газдармен, түтінмен және басқа да қолайсыз факторлармен қауіпті екенін білді. Әңгіме барысында оқушылар өрттің себептері туралы әңгімелесті, өрт қауіпсіздігінің қандай ережелері бар екенін, өрт шыққан кезде қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін есіне алды. Іс-шара соңында қорытынды жасады, өрттен қорғаудың негізгі әдісі - оны өзіңіз жасамау. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау денсаулық пен өмірді сақтауға көмектеседі.

фотоесеп


Комментариев нет
106 просмотров
Автор: b1426skobilim
Добавлено: 05.09.2022 в 08:57

Возможно вас заинтересует...!