2022 жылғы 27 қазанда «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-ге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі, Ауғанстандағы соғыс ардагері отставкадағы генерал-майор Дүйсекеев Мұқан Естайұлы келді.
Мектепті аралау барысында Мұқан Естайұлы Дүйсекеев оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі құжаттамамен, «Жас Батыр» БЖК, «Патриот» әскери-патриоттық клубының жұмысымен, жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі Е.Е.Юренкова, танысты. «Патриот» әскери-патриоттық клубының өкілдері генерал-майорға күнделікті жаттығулар, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарға дайындық туралы айтып берді. 11 «А» сынып оқушысы Шамсутдинов Даниил Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру дағдыларын көрсетті. Клуб басшысы Е. Е. Юренкова «Патриот» әскери-патриоттық клубының жетістіктері туралы айтып берді.
фотоесепCopyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены