Меню KDT
президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Үндеуін талқылау


Ағымдағы жылдың 10-14 қазан аралығында КММ "№17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің" директоры Жалмұқанова Лаззат Жұмағұлқызы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Үндеуін талқылау мақсатында бірнеше қала мектептерiн, атап айтқанда №14, №21 және №9 орта мектептерiн аралап шықты. Әріптестері алдында сөз сөйлеген Лаззат Жұмағұлқызы Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған бағдарламаларға және Мемлекет басшысы басым ретінде белгілеген Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жаңа міндеттерге тоқталды. №17 ҰӨОМК-нiң басшысы балаларға, тәрбиешілерге және мұғалімдерге деген қамқорлық Жолдаудың әрбір жолы мен әрпінен айқын көрінетінін атап өтті. Мұны Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор - балаларға» жаңа бағдарламаның жүзеге асырылуы растайды. Лаззат Жұмағұлқызы Жолдауда көрсетілген «Жайлы мектеп», "Оқуға құштар мектеп", "Пікірсайыс клубтары» және т.б жобалардың жүзеге асуына ұстаздар жауапты деп есептейді. 35 жыл еңбек өтілі бар ұстаз, мектеп басшысы Лаззат Жұмағұлқызы бағдарламаны жүзеге асыруда терең ойластырылған жұмыстар ғана болашақта сапалы нәтиже беретінін айтып, ұстаздарды Жолдау идеяларымен сусындауға шақырды. 2022 жылы 6 қазанда Астана қаласында өткен Аманат партиясының кезектен тыс XXIV съезінiң делегаты Лаззат Жұмағұлқызы "АМАNАТ" партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен депутаттармен кездесуде алған әсерімен бөлісті.
Л.Ж.Жалмұқанова «АMANAT» партиясының мүшелері Қазақстан Республикасының Президентi лауазымына лайықты басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын әділ және бірауыздан ұсынғаны туралы және мемлекетте кең ауқымды реформаларды адал жүргізетiн, өткенге оралмай, үлкен мақсат пен мұратқа қол жеткізетiн мемлекет басшысы деген пікірін білдірді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-нiң студенттерiмен кездесуде Лаззат Жұмағұлқызы Әділетті Қазақстанда еңбек ететін адам бірінші орында болатынын, өйткені патриотизм – ең алдымен, туған елдің игілігі үшін еңбек ету, ол үшін еңбекқор және iскер болу керек екенін атап өтті. Жастар өз болашағына жауапты екенін терең ұғынып өсу керек.Ұлы Абай жазған «Кемел адам» ұғымы дүниетанымы терең, сезiмтал, еңбекқор кемел тұлғаны білдіреді – деп Елбасының сөзін келтірді.
Возможно, это изображение 12 человек, люди сидят и люди стоят
 
 


Комментариев нет
96 просмотров
Автор: b1415skobilim
Добавлено: 17.10.2022 в 10:38

Возможно вас заинтересует...!