Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі.

Олимпиаданың өңірлік кезеңі 2022 жылғы 12 қазан күні сағат 10.00-де еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде өтті. Іс-шараға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты. Әрбір қатысушы «Математика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс. Есептерді шешуге 2 астрономиялық сағаттан аспайтын уақыт бөлінді.

Біздің өңірден 211 оқушы қатысты. Олимпиада оқушылар Сарайында және «Бескөл мектеп-Колледжі» ЖШС-де өтті.

Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданы өткізу процесі youtube арнасына трансляцияланатын аудиториялардың бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Қатысушылардың жұмысын көруге арналған сілтеме біздің ресми сайтта.
Қатысушылардың жұмыстары шифрланып, тексеру үшін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы арасынан облыстық қазылар алқасына берілді.

Қорытынды хаттама олимпиада өткізілгеннен кейінгі күні біздің ресми сайтта жарияланады. Өңірлік кезеңнің нәтижелері бойынша 20 қатысушы іріктеу кезеңіне өтеді.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 12.10.2022 в 10:13