13 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі аясында № 23 орта мектепте 8-сынып оқушылары арасында «Полиглот» зияткерлік ойыны үш тілде өтті.
13 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі аясында № 23 орта мектепте 8-сынып оқушылары арасында «Полиглот» зияткерлік ойыны үш тілде өтті. Оқушыларға 5 турдан тұратын тапсырмалар берілді. Суреттерді сөзге айналдырып бірнеше тілде айту; Жұмбақтардың шешуін – 3 тілде айту; бір мақалдың мағынасын кез келген бір тілде түсіндіру; берілген тақырып бойынша өз ойын 3 тілдің бірінде жеткізу. Аталған сайысты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Жумабаева Г.Қ., Набиева Р.Ж. оқушылардың ой-өрісін дамыту, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін салыстырып, оқушылардың тілдерді оқып, үйренуіне қызығушылық таныту, өз ана тілін біліп, өзге тілді құрметтеуге үйрету және әр баланың бойында іздену, Отанға, тілге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында өткізді. Оқушылар бұл іс-шараны қызықты да танымды қабылдады.




Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены