

Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Оның мақсаты - балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін-өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Үміткерлер бағдарламалары ілініп, әлеуметтік желілерге жарияланып, Сайлау алды бағдарламалырмен таныстырылды. Өзін-өзі басқару ұйымының президентіне үміткерлер:1. 9 «Ә» - Елеуке Аружан
2. 10 «Б» - Сейтахмед Айдос
3. 10 «А» - Ерсайнова Елдана
4. 9 «Б» - Каиркельдина Сабина
5. 10 «А» - Тастимирова Айжан
6. 9 «Б» - Устемирова Нурай
7. 9 «А» - Жанат Айғаным


Үміткерлерді сайлау үшін мектептің дәлізіне сайлауға қатысқан үміткерлердің бағдарламасын іліп, жазып қойдық. Сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері отырып, келген оқушыларға сайлау парақшасын беріп, оқушылар сайлау парақшасын белгілеп, сайлау жәшігіне салып отырды. Әрбір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Комиссия мүшелері сайлау жәшігін ашып, үміткерлерге берілген дауыстарды санады. 

Нәтижесінде:1. 9 «Ә» - Елеуке Аружан – 112 дауыс
2. 10 «Б» - Сейтахмед Айдос – 77 дауыс
3. 10 «А» - Ерсайнова Елдана – 26 дауыс
4. 9 «Б» - Каиркельдина Сабина – 12 дауыс
5. 10 «А» - Тастимирова Айжан – 80 дауыс
6. 9 «Б» - Устемирова Нурай – 25 дауыс
7. 9 «А» - Жанат Айғаным – 26 дауыс


Қортындылай келе, сайлауға жалпы қатысқан – 358 адам. 11 сайлау парақшасы бұрыс толтырылғандықтан, есепке алынған жоқ. Мектебіміздің президенті болып, ең көп дауыс жинаған –
9 «Ә» сынып оқушысы Елеуке Аружан болып сайланды. Қалған үміткерлер Мектеп Парламентінің мүшесі болып қабылданды.
Автор: b146skobilim
Добавлено: 23.09.2022 в 22:11