23 қыркүйекте «А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-де мектеп парламентіне сайлау өтті. Сайлау сайлау құқығы қағидаттары негізінде, яғни жалпыға бірдей, теңдік, еркін тікелей және жасырын дауыс беру қағидаттары негізінде жүзеге асырылды.
Мектеп Парламентіне депутаттар фракцияға сайланады:
Құқық және тәртіп фракциясы.
Ақпарат фракциясы.
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
Пікірсайыс қозғалысының фракциясы.
Экология және еңбек фракциясы.
Сайлауға елеулі дайындық жүргізілді: мектеп сайлау комиссиясын құру; үгіт-насихат бригадаларының жұмысы, кандидаттарды ұсыну және тіркеу; кандидаттардың мектеп мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесуі, жалпы мектеп жиындарында кандидаттардың сөз сөйлеуі .
Мектеп Парламентін құру мынадай мақсаттарды іске асыру үшін қажет:
- азаматтық бастамашылық пен патриотизм сезімін тәрбиелеу;
- әр оқушының кез-келген қызмет саласында жетістікке жетуге ұмтылысын қолдау;
- балалар ұйымының әрбір мүшесінің жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау: көшбасшылық қасиеттерін, дербестігін, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін, белсенділігін, қиындықтарды еңсерудегі табандылығын дамыту;
- мектепішілік және мектептен тыс іс-шараларға қатысу арқылы оқушылардың әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесін алуы.
Мектеп Парламентінің алдында тұрған міндеттер:
- барлық мектеп оқушыларын біріктіру;
- әр оқушыны қоғамдық жұмысқа тарту;
- өз құқықтары мен ұжым құқықтарын қорғауға үйрету;
- саяси және әлеуметтік өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру.
Дауыс беру қорытындысы 26 қыркүйекте жалпы мектептік жиында жарияланады. Ең креативті, жарқын, мақсатқа ұмтылған кандидат жеңіске жетеді.
Біз балаларға сәттілік тілейміз!.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)



Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены