Қазақстан Республикасының Тілдер күні аясында "СҚО әкімдігінің білім басқармасы "КММ " Ақпараттық технологиялар және білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс орталығы" КММ 17 қыркүйек күні "Тіл тағдыры біздің қолымызда" атты дебат турнирін ZOOM платформасында өткізді. Аталған іс-шараға біздің дебат үйірмеміздің "Жалын" командасы қатысты. Қазақ лигасының қорытындысы бойынша: 1 ранг - "Фемида" (Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектеп), 2 ранг - "Айбын" (Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы), 3 ранг - "Жалын" (Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп), 4 ранг - 1465 (Әл-Фараби мектеп лицейі).

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены