Меню KDT
«English language is a World language» тыс іс-шара


2022 ж. 12.09 «Тілдер апталығы» аясында ағылшын тілі мұғалімі О.Г. Жоламан 8 «Г» сыныбында «English language is a World language» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Іс-шара танымдық ойын-жарыс түрінде өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың пәнді оқуға деген ынтасын арттыру, оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында алған лингвомәдени білімдерін қорытындылау, өз елінің және оқытылатын тіл елдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен достық жағдайда өтті.               

Іс-шара барысында оқушылар ынта-жігер мен жоғары белсенділік танытты, сондай-ақ тәртіптілік пен жеке қызығушылықтарын көрсетті. «English language is a World language» сыныптан тыс іс-шарасы оқушыларға оқытылатын тілдің шынайы мүмкіндіктерін көруге ғана емес, сонымен қатар оң эмоциялық көңіл-күйді тудырды, бұл шет тілін үйренуге оң ынтаны қалыптастыру және нығайту үшін маңызды.

 фотоесеп


Комментариев нет
155 просмотров
Автор: b1426skobilim
Добавлено: 22.09.2022 в 15:22

Возможно вас заинтересует...!