Меню KDT
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау» сынып сағаты


2022 ж. 19.09  8-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру, оқушылардың өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту және жүйелеу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, оны талқылауға белсене қатысты. Президент Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырылды. Балаларға түсінікті болу үшін Жолдаудың негізгі тезистері бойынша бейнеролик ұсынылды. Нәтижесінде әрбір оқушыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асырудағы өзінің жеке үлесі туралы және Мемлекет басшысы өз сөзінде айтқан міндеттер мен тапсырмалар жүктейтін қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі туралы ойлануға себеп пайда болды.

фотоесеп


Комментариев нет
160 просмотров
Автор: b1426skobilim
Добавлено: 22.09.2022 в 15:10

Возможно вас заинтересует...!