Меню KDT
Сырбайдың ғажап сырлары


Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше.


Сырбайдың ғажап сырлары
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тіршілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық.
Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейі ақынның 100 жылдығына орай ұйымдастырған «Сырбайдың ғажап сырлары» атты қалалық эстафетасы мәресіне жетті. Мектеп-гимназиямыздың 10 «Ә» сынып оқушысы Ж. Кельденова қатысып, «Асыл сөздің ұстасы» номинациясына ие болды.
Қалалық іс-шараға белсене қатысып, үздік нәтиже көрсете білгені үшін жетекшісі Ж. Сабанбаева ұстазымызға алғыс білдіреміз. Шәкірттеріңіздің зейіні артып, биік белестерден көріне берсін!


Комментариев нет
52 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 17.09.2022 в 18:33

Возможно вас заинтересует...!