Меню KDT
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Тіл білімінің атасы» әдеби кеші


2022 жылдың 14 қыркүйегінде «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 7 «В» сыныбында ұлтымыздың рухани көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Тіл білімінің атасы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысты: ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұрасы туралы, сондай-ақ өмір жолы туралы айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді.

 фотоeсеп


Комментариев нет
154 просмотров
Автор: b1426skobilim
Добавлено: 19.09.2022 в 09:19

Возможно вас заинтересует...!