Меню KDT
"ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ"


9- қыркүйек күні 1-11 сынып аралығында "ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан-жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.


      

                                      


8 "А" сыныбында " Отбасы бақыт мекені " атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатына балалар,сондай-ақ ата-аналар белсенді қатысты.

      


Комментариев нет
110 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 09.09.2022 в 18:25

Возможно вас заинтересует...!