Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев: «Алаштың бар баласы бас қосса – төрдегі орын ұстаздікі» деп айтып кеткендей мұғалімдік қызметтің жауапкершілігі мен ауыртпалығы орасан. Мұны ұстаздыққа қадам басқан жас мамандар да бүгінгі күні анық сезінгендей болды. Өйткені Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде жас мамандардың облыстық байқауының алғашқы кезеңі өтті. Аудандық және қалалық кезеңнен сүрінбей өткен қазақ мектептерінің сегіз жас маман қазақ тілі, орыс тілі, тарих, математика пәндерінен ашық сабақ берді. Олардың бұл еңбектерін өңіріміздің тәжірибелі тәлімгерлері бағалады. Атап айтар болсақ, әділқазылар құрамына біздің мектебіміздің қазақ және орыс тілдері, тарих, математика пәндері мұғалімдері енді. Назым Какимова, Меруерт Мұқанова, Арайгүл Мұқанова, Динара Есилбаева, Күлиза Қасенова, Роза Елеусизова, Зира Касенова жас педагогтерге лайықты бағасын берді. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен үміткерлер алдағы уақытта жоба қорғап, тағы да өзара бақ сынайды.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены