Меню KDT
15 қыркүйекте «№7 орта мектеп» КММ-де біліктілікті арттыру курстары шеңберінде жас педагогтардың тәлімгерлеріне арналған квест түрінде «Тәлімгерлік мектептің кадрлық әлеуетін дамытудың тиімді құралы ретінде.


15 қыркүйекте «№7 орта мектеп» КММ-де біліктілікті арттыру курстары шеңберінде жас педагогтардың тәлімгерлеріне арналған квест түрінде «Тәлімгерлік мектептің кадрлық әлеуетін дамытудың тиімді құралы ретінде. Отандық және әлемдік тәжірибеде жүзеге асырылатын тәлімгерліктің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізілді. Курс тыңдаушылары үшін жағдай жасалды, онда олар мектептегі командалық тәлімгерлік қызметінің мазмұнын талдауға, зерттелетін мектептегі тәлімгерлік ортада жаңадан бастаған мұғалімдердің даму бағыттарын модельдеуге мүмкіндік алды. Мектептің жас педагогтары, мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, тиімді тәлімгерлер квестке қатысты, олар алқалық тәлімгерлік ортаны - жас оқытушының кәсіби қызметке жеңіл және табысты кіруіне ықпал ететін ортаны ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Бірлескен жұмыстың қорытындысы практикалық сабаққа қатысушылар үшін мектепте алқалық орта құру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар болды.


Комментариев нет
896 просмотров
Автор: b147skobilim
Добавлено: 17.09.2022 в 12:49

Возможно вас заинтересует...!