Меню KDT
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара


   Мектебімізде 5 қыркүйек күні көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай , Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды қаламгер, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шарамыз дөңгелек үстел форматында "Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздерінің қазіргі қоғамдағы өзектілігі" тақырыбында болды. "Ахмет. Ұлт ұстазы" сериалынан үзінді көрсетілді. Оқушылар нақыл сөздері бойынша ой бөлісіп, кері байланыс ретінде "Біз көп ақпарат алдық", "Алаш қайраткерлері туралы көбірек білу керекпіз", "Ахметтің нақыл сөздері бүгін де өте өзекті" тағы басқа пікірлерін қалдырып кетті.













Комментариев нет
90 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 06.09.2022 в 09:08

Возможно вас заинтересует...!