Биыл қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл.
Ахмет Байтұрсынұлы — әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша "Ер Сайын" жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын "23 жоқтау" жинағын (1926) кітап етіп шығарған. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет "әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін" айтқан.
Ұлт ұстазының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді. Алайда Қостанай облысындағы өртке байланысты 150 жылдық мерейтойының шаралары кейінге шегерілді.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены