Меню KDT
Тілдер апталығы


Тілдер апталығы аясында  іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілуде. Оған 2-11 сынып оқушылары қатысты.

Тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне бастауыш сынып оқушылары да атсалысты. 9 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сулейменова Г.Ж. 2 «А» сыныпта  «Әліппенің атасы» сайыс сабағын өткізді.

13 қыркүйекте қазақ тілі мұғалімі  Айсакова Н.С. 3 «В» сыныпта «Дәуірдің  жарық жұлдызы» танымдық сабақ өткізді.

  Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың  шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы  мағлұмат беру. Ақын  өмірін  оқушыларға  үлгі ете отырып ,өз елін  сүюге, оның  көркеюіне  үлес  қосуға  тәрбиелеу. Оқушылардың  танымдық  деңгейін  дамыту.Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сабақ қызықты өткізілді.

 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тлеубаева Д.Ж., Бақтыбаева К.К

 4 сыныптар арасында 14 қыркүйекте  «Қазақ тілі әлемінде» сайыс сабағын ұйымдастырды. Іс-шараны жоспарлау кезінде оқушылардың танымдық қызығушылықтары ескерілді.

12 қыркүйекте 6 «Б»сыныпта «Ұлт ұстазы» бейнесабағын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кенжеболатова С.К. өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға, ақын-жазушы, аудармашы, ұлт ұстазы. Тіл мен әдебиет, аударма мен баспа саласында мол мұра қалдырған ұлт ұстазына биыл 150 жыл! Осы орайда, тілдер күні мен Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығын сабақтастыра отырып, 6 "Б" сыныбында  "Ұлт ұстазы" атты бейнебаян сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы туралы мәлімет беру, шығармашылығымен таныстыру.

фотоесеп


Комментариев нет
140 просмотров
Автор: b1426skobilim
Добавлено: 15.09.2022 в 13:03

Возможно вас заинтересует...!