2022 жылдың 1 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектепте 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Білім беруді дамыту мәселесі қоғам мен мемлекетті өркендету саясаты болып табылады.
Біздің халқымыз «Болашақтың кілті –білімдінің қолында», деп айтады. Кезінде бабаларымыз «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар», деп балаларына терең білім беруді армандаған.
Ал, жаңа заманда жаңа технологиялар өмірге келіп, ғылым қарыштап дамыған кезде – оқу жүйесі жаңа ізденістермен жүйелі жұмыс істеуі талап етеді.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер шығармашылық табыс, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
2022 жылдың 1 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектепте 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Мектеп 662 оқушымен 2022-2023 оқу жылын бастады. Жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Турегельдин Аман Жаксыбайұлы және Қалалық Білім бөлімінің әдіскері Амержанова Шолпан Кабижановна қатысты. Жиын барысында 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын мектеп түлектері салтанатты түрде табыс етті.
Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11-сынып оқушылары Жұманов Даниал мен Мұқаш Арайлым және 1-сынып оқушылары Cәлімтай Айлин мен Берік Әмірханға тапсырылды.
Алғашқы қоңырау салтанатынан кейін 1-11 сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық » тақырыбындағы алғашқы білім сабақтары өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Ch9fVoUjfgH/
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены