Бүгін мектебімізде педагог-психологтардың ұйымдастыруымен "Ұстаз мұраты" атты тақырыпта жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізілді.
Бүгін мектебімізде педагог-психологтардың ұйымдастыруымен "Ұстаз мұраты" атты тақырыпта жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты - жас мамандардың жаңа ортаға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету, "МЕН педагог" концепциясын қалыптастыру. Тренинг барысында түрлі психологиялық ойын жаттығулары жүргізілді. Жас мамандар тарапынан белсенділік байқалды. Ұстаз - оқушыға білім алуда жарық түсіруші, жол көрсетуші, оқушыларға жылы көзқараспен қарап, жылы сөздер айтудан шаршамаңыздар деген тілекпен, тренинг соңы "Май шам" жаттығуымен аяқталды. Құрметті жас маман - жаңа оқу жылында Сіздерге шығармашылық идеялар мен толағай табыстар тілейміз!
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 09.09.2022 в 09:39