Меню KDT
«Әлем отбасынан басталады» кітап көрмесі


 

Қазақстандағы Отбасы күніне және Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 2022 ж. 05-09.09 аралығында мектеп кітапханасында «Әлем отбасынан басталады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Отбасы - бұл жақын және қымбат адамдар, біз жақсы көретін, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдар. Көрмеге қатысу оқушыларға өздерінің балалық шағы, отбасы туралы баяндайтын балалар жазушыларының шығармаларымен, сондай-ақ отбасының рухани құндылықтарын, адамгершілік құндылығын және тұлғааралық отбасылық қарым-қатынастарды ашатын танымал педагогтар мен психологтардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік берді.


Комментариев нет
182 просмотров
Автор: b1426skobilim
Добавлено: 09.09.2022 в 10:48

Возможно вас заинтересует...!