8 қыркүйек күні "№ 24 орта мектеп" КММ мектеп кітапханасында 8 "А"-сынып оқушыларымен "Біздің өміріміздегі парасаттылық, этика және адалдық" тақырыбында іс-шара өтті.
Сабақтың мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеу және мәдениет деңгейін арттыру болды.
Оқушылар "Этика", "парасаттылық", "адалдық" ұғымдарына анықтама берді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың Қара сөздерімен танысты. Оқушылар "Қара сөздерді" оқи отырып, Абайдың сөздері адамның басты және жаман әдеттерін көрсетіп қана қоймай, жақсылықты үйретіп, адамның жақсы жаққа өзгеруіне көмектесетінін ашты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены