Елімізде жыл сайын 1 қыркүйек – білім күніне орай «Мектепке апарар жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Дәстүрге айналған шара биылғы жылыда әдетінен жаңылмай жалғасын тапты. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады. Биылғы жылы іс-шараның ұраны: «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету».
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, оларға қол ұшын беру. Осы арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды, ісі оңалып, жұмысы алға жылжып ілгерілейді. Ал қайырымдылық көрсетілген әрбір жанның бойына ертеңгі күнге, айналасына,қоғамға деген сенім туындап ,жүрегіне жалын, жанына жігер ұялайды. Өйткені біз- өмір алма-кезек яғни бергенің мен алғаның өзара алмасып отыратын кезек дүние екенін түсінетін заманның өкілдеріміз. «Алғаныңнан бергенің көп болсын» деген сөз бар екен халық даналығында.
https://www.instagram.com/p/CiPDHEUNwnw/
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены