Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 2022ж. 08.09 парасаттылық және академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Парасаттылық сағаты» өткізілді. Мұндай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері мен жазалау шаралары туралы, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі туралы түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі Қазақстанның мемлекеттік саясатында басым болып қала беретінін атап өтті. Сыбайлас Жемқорлықты жеңуде нақты табысқа жету үшін ерте жастан бастап балаларда парасаттылық, адалдық, әділдік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу қажет. Әрине, парасаттылықты бүкіл қоғамның ортақ күшімен қалыптастыру керек. Бүгінде әрбір адам уақыттың талабын терең түсініп, мына формуланы анық ұстануға тиіс: парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы. Балалар қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлық түрлері, олардың себептері, мемлекет пен қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыспен күрес нысандары туралы білді. Іс-шара барысында келесі мәселелер бойынша бірлескен диалог өтті: Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыс бар ма? Ол сізге қалай қауіп төндіреді? Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болады? «Парасаттылық – Ұлы Абайдың мұрасы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді, оны қарау барысында балалар ұлы ақын мен ойшылдың қолөнерді үйрену, адал еңбек ету, ата-анасын құрметтеу, әдепті және адал адам болу қажеттілігі туралы сөздерімен танысты.
фотоесеп
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены