5 қыркүйекте, 2022 жылы есімі «№ 9 орта мектеп» КММ-не берілген, белгілі қазақ ғалымы, көрнекті әдебиеттанушы және лингвист Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толды.
Бұл мереке күні мектепте маңызды іс-шаралар өтті, оған құрметті қонақтар - педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру және журналистика саласының өкілдері, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.
1-11 сынып параллельдерінде «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы тұлғасы» бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мектептің акт залында педагогтардың, оқушылардың және қонақтардың қатысуымен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық ұлы ұстазы» атты ауқымды іс-шара өтті.
Сондай-ақ, бұл күні біздің мектебіміздің базасында А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған облыс мектептерінің педагогтарымен тілдік пәндерді оқыту әдістері мен тәжірибе алмасу бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті.
























Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены