Бүгін 1-қыркүйек, дәстүрлі Білім күні мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда. Осындай мереке күні алтын ұя мектебіміз №38 мектеп-лицейі 2022-2023 оқу жылының салтанатты жиынына сап түзеді. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары ретінде Қамқоршылық кеңес төрайымы И.Туякбаева, 1-сынып оқушылары ата-атаналарынан А.А.Жакупов қатысып, мектеп директоры КК.Муканов мектепке алғаш қадам басып отырған бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп, өткен жылдағы мектебіміздің жетістіктерін айта келе жаңа оқу жылының ерекшеліктерін де тоқталып өтті.
Бұл күн – жас бүлдіршіндердің бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы. Сондықтан 1-сынып табалдырығын аттағалы отырған оқушыларымыз да өз кезегінде өлең жолдарын арнап, мерекенің ең толқулы ғажайып сәті алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу 1-сынып оқушылары Бегайдарова Ясмин мен Омар Даниялға және Бақытжанқызы Нұрайымға табысталады. Іс-шара алғашқы білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы тәрбие сағатымен жалғасын тапты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены