Меню KDT
1 қыркүйек - білім күні!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.


Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО - ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Жаңа оқу жылы табысты да берекелі болсын


Комментариев нет
114 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 01.09.2022 в 10:10

Возможно вас заинтересует...!