Меню KDT
Құттықтаймыз!

Бүгін “Ұстаздар аллеясында” Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған “Абай салған ізбенен…” атты шығармашыл педагогтердің жыр кеші өтті.Шараның мақсаты - ақын мұрасын ұлықтау, шығармашылыққа, өлеңге жақын ұстаздардың және оқушылардың өнерлерін қолдау және өнегелі істерін насихаттау.


Жиынның алғашқы сөзі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызына берілді. Ғалым ақын шығармашылығына талдау жасап, бүгінгі абайтану саласындағы өзекті мәселелер туралы толымды пікірлер айтты. Одан кейін 38 мектеп-лицейінің ұстазы Таушанбай Рахимов және шәкірттері Сая Кәкенова, Дінмұхамед Жабай Абайдың “Торжорға” күйін орындаса, 60 мектеп-лицейінің мұғалімі Арман Рамазанов хәкім Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін нақышына келтіре орындады. Кештің барысында қазіргі қазақ поэзиясының жарқын өкілдері бас ақын туралы жан-жақты, мағыналы сөздерін айтып, жырдан шашу шашты. Олардың қатарында республикалық жыр мүшәйралардың жүлдегерлері Қабиден Қуанышбай, Бекмұрат Сұлужүрек, Тоба Өтепбай және тағы басқа ақын ұстаздар болды. Шараны 38 мектеп-лицейдің мұғалімі, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Біржан Ахмер және 78 мектеп-гимназиясының мұғалімі, ақын Мұқият Қойшыбайұлы жүргізді. Қорытындысында Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейдахметқызы ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтып, Абай күнімен құттықтады. Абай өнегесі, Абай мұрасы - халықтың асыл қазынасы. Сондықтан оның өлеңдері мен қарасөздері жас ұрпақтың санасында жаңғырып, ұлықтала бермек.


Комментариев нет
77 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 11.08.2022 в 09:58

Возможно вас заинтересует...!