Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.
Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Мектеп есік ашады.
Мектеп – ұя, құт қонған,
Білім нұры тараған.
Ұлағатты ұстаздан,
Сабақ алған бар адам.- дей келе бүгін 1 қыркүйек - білім күніне орай мектебімізде 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау үні соғылды.
Автор: b146skobilim
Добавлено: 01.09.2022 в 18:39