Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына пікір
ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. ГҮЛДЕНГЕН ҚОҒАМ.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына тікелей эфирін «№ 24 орта мектеп» КММ ұжымы үлкен қызығушылықпен тамашалады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын атап өтті.
БІРІНШІ. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
ЕКІНШІ. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ
ҮШІНШІ. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
ТӨРТІНШІ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАЙТА ЖҮКТЕУ
БЕСІНШІ. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
«Біздің экономикалық саясатымыздың базалық мақсаты өзгеріссіз қалады — азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі. Жаңа экономикалық бағыттың басымдықтары: жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан кету, бәсекелестікті дамыту, яғни барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», — деді азаматтарға Жолдауында.
Тоқаев оған қоса, жаңа экономикалық бағыттың маңызды факторларының бірі - ұлттық табысты әділ бөлу болатынын айтты.
Біздің мектептің ұжымы мемлекетіміздің одан әрі өркендеуіне және Қазақстан халқының әл-ауқатына қол жеткізу үшін ұсынылған реформаларды қолдайды. Біздің Президентіміздің басшылығымен Жолдауда белгіленген барлық реформалар мен міндеттер іске асырылатынына еш күмәніміз жоқ.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены