Меню KDT
2022 жылдың 27 тамызында «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектебі» КММ-де "Мектеп: кеше, бүгін, ертең" атты тақырыбында педагогикалық кеңес отырысы өтті.



Педагогикалық кеңес мектептегі өзін-өзі басқарудың маңызды нысаны болып табылады, оған барлық педагог қызметкерлердің қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кеңес мектеп қызметінің жетекші бағыттарын айқындайды, оның барысында оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, жұмыс жоспарлары талқыланады, мектеп басшылығының қызметіне, мұғалімдерге, жалпы педагогикалық ұжымға баға беріледі, ұйымдастырушылық мәселелер шешіледі.
2022 жылдың 27 тамызында «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектебі» КММ-де "Мектеп: кеше, бүгін, ертең" атты тақырыбында педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Өткен оқу жылындағы барлық бағыттардың жұмысын талдау
2. 2022-2023 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
3. ЕББҚ оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері
4. Жаңа оқу жылында мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
5. Әдістемелік жұмыс
6. Сырттай-кешкі бөлімнің ерекшеліктері
7. "2022-2023 оқу жылындағы пәндерді оқытудың ерекшеліктері" тәжірбиелік жұмысы
8. Әртүрлі
Педкеңес жақсы өтті. Нәтижесінде барлық ақпарат назарға алынды, мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша педагогикалық кеңестің шешімдері бірауыздан қабылданды, жаңа оқу жылына жоспарлар белгіленді.











Комментариев нет
678 просмотров
Автор: b142skobilim
Добавлено: 27.08.2022 в 20:32

Возможно вас заинтересует...!