Меню KDT
Конституция күні

30 тамызда елімізде мемлекеттік мерекелердің бірі-Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі.


30 тамызда елімізде мемлекеттік мерекелердің бірі-Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі. Бүгін біздің лицейде бірқатар іс - шаралар өткізілді: "Конституция - тұрақтылық кепілі және негізі" квесті - 11 сынып, "Біздің құқықтарымыз ҚР Конституциясында" интерактивті ойыны - 5 сынып, "Адал Ұрпақ" клубының балалары "Конституция-Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы"зияткерлік ойынының қатысушылары болды. Барлық іс-шаралар еліміздің негізгі заңын білуді тереңдетуге, адамгершілік пен азаматтықты қалыптастыруға бағытталған. Балалар тапсырмаларды орындау арқылы мемлекеттің қазақстандық моделін, мемлекеттің қоғамдық-саяси, сайлау, әлеуметтік-экономикалық жүйесін, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын растайтын Конституцияның баптарын еске алды.


Комментариев нет
177 просмотров
Автор: b143skobilim
Добавлено: 27.08.2022 в 15:45

Возможно вас заинтересует...!