← Назад к новостям
«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы

16mektep
24.08.2022 в 14:13
290 просм.
Нет комментариев

Жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Менің таңдауым – балаларға көмектесу» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық барысында
материалдық және басқа да көмек көрсету.
Азимханова Сәуле Мыңшалқызы балаларды оқу жылының басталуымен жылы лебізімен құттықтады.
«Мектепке жол» акциясы аясында мектебімізде оқушыларға кеңсе тауарлары салынған сөмкелер сыйға тартылды. Оқушыларды оқу жылының басталуымен Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары
Тұяқбаев Досхан Бекетұлы жеке құттықтап, рюкзактар табыс етті.
Қолдау көрсеткен Байқоңыр ауданы әкімдігіне ерекше алғысымызды білдіреміз

Автор: 16mektep · 24.08.2022
290
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT