"№24 орта мектеп" КММ-де 2021 жылдың 11-21 қазан аралығында психикалық және психологиялық денсаулықты сақтау мен нығайтуға арналған "Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты" ("Здоровый Я-здоровый Казахстан") психологиялық денсаулық онкүндігі аясында білім беру жүйесінің барлық субъектілері жұмылдырылған бірқатар іс-шаралар жоспарланды және өткізілді.
Мектепалды даярлық сыныбы мен бастауыш сынып оқушылары оқушылардың жағымды көңіл-күйін насихаттау мақсатында "Мен бақытты өмірдің суретін саламын" суреттер байқауына қатысты.
Балаларды ұжымдық өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларына үйрету; коммуникативтік біліктерді дамыту; балалар мен жалпымектептік ұжымды біріктіру үшін орта буын оқушыларымен "Жолсерік"ойыны өткізілді.
Жоғары сынып оқушыларына эмпатияны дамыту мақсатында "Біз айналадағыларға қалай көмектесе аламыз"атты шығарма-пайымдау конкурсына қатысу ұсынылды.
Өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру мақсатында 5, 9-сынып оқушыларымен "Менің қарым-қатынас ортам", "Өмірді бағалай біліңдер" тренинг элементтері бар сабақтар өткізілді. 7- сынып оқушыларымен СӨС насихаттау, темекі шегу, психотроптық және есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша сабақ өтті.
Мектеп фойесіндегі жеке тұлғалық ерекшеліктердің өзіндік диагностикасы үшін бірінші қабатта "Суреттер бойынша психологиялық тесттер" проективтік әдістемесі бойынша тапсырмалары бар стенд рәсімделді.
Жалпы эмоционалды тонусты көтеру үшін "Тілектер ағашы"акциясы ұсынылды.
Мектеп сайтында және ата-аналарға арналған чаттарда "Баланың досы болу жолы" ақпараттық буклеті (ата-аналарға кеңестер) орналастырылды. Топтық чаттар мен Кунделик платформасындағы мұғалімдер үшін эмоционалды және кәсіби күйіп қалудың алдын алу үшін мақалаларға сілтемелер орналастырылды: "Эмоционалды күйіп қалу кімге қауіп төндіреді?", "Эмоционалды күйзелістен не көмектеседі? немесе Өзін-өзі күтуге рұқсат. Жаттығу".
Онкүндіктің соңында өткізілген барлық іс-шаралардың белсенді қатысушыларына дипломдар мен грамоталар табыс етілді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены