Меню KDT
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «№ 24 орта мектеп» КММ-де 6 «б» сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Г.А. Нұрмағамбетова және кітапханашы А. Т. Садвакасова «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында викторина өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты: өзінің көпұлтты Отаны – Қазақстан Республикасына деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін, құрметі мен мақтанышын тәрбиелеу. Танымдық қызығушылықты дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұраның орындаудан басталды. ҚР Мемлекеттік рәміздері - біздің егемендігіміздің тұрақты негіздерінің бірі. Олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қасиетті, біріктіруші бейнесін білдіреді. Кез келген елдің мемлекеттік рәміздеріне, ең алдымен, мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран жатады. Олар біздің Отанымызда бар. Өйткені, жаңа пайда болған мемлекеттің алғашқы қадамдарының бірі - оның Туын, Елтаңбасын және Әнұранын алу.

Викторина барысында оқушылар өз білімдері мен эрудицияларын көрсетті: Пилипович Анастасия, Тамаев Бексұлтан, Галимова Диана, Таженова Махаббат, Трусов Илья, Касеинов Ерхан.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық оқушыларға оқуда сәттілік тілейміз.

Комментариев нет
137 просмотров
Автор: b1420skobilim
Добавлено: 14.12.2021 в 15:49

Возможно вас заинтересует...!