"Оқитын мектеп" жобасын жүзеге асыру және балаларды оқуға тарту мақсатында "№ 24 орта мектеп" КММ-де "Жаңа жылда кітаппен бірге!» атты байқау жарияланды.
Бұл байқауға 2 "А" сынып оқушылары Евсеева Анна, Канафина Рузана, 3 "А" сынып оқушылары Тамаева Томирис, Жусупова Рада, Сырцина София қатысты. Олар өздерінің сүйікті кітаптары мен ертегілері туралы видеоға қысқаша айтып берді.
Мұндай байқаулар кітап арқылы білім алуға қызығушылықты арттырады, көру, есту назарын, есте сақтау қабілетін, байқағыштықты, тапқырлықты, қиялды, бейнелі ойлауды дамытады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены