18 ақпан күні қала мектептері арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Ортағасырлық Қазақстанның атақты адамдары" тақырыбында постерлер байқауы өтті. Байқауға № 17, 25, 32 және 24 орта мектептердің 6-сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: ортағасырлық қайраткерлердің тарихи рөлін анықтау, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру, Қазақстан тарихын зерделеу арқылы партиотизмге тәрбиелеу. Байқауды "№ 26 мектеп-балабақша " КММ ұйымдастырды. Байқауға біздің мектептен 6а-сынып оқушылары Шлейхер Карина және Панасик Александра қатысты, жетекшісі тарих мұғалімі Нұрмағамбетова Г.А., байқау қорытындысы бойынша біздің мектептің командасы құрметті екінші орынға ие болды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены