← Назад к новостям
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ -  1- ТАМЫЗҒА  ДЕЙІН

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ - 1- ТАМЫЗҒА ДЕЙІН

skocontrol
15.07.2022 в 12:40
241 просм.
Нет комментариев

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ - 1- ТАМЫЗҒА ДЕЙІН
2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.


БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ - 1- ТАМЫЗҒА ДЕЙІН
2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады. Ол үшін баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті қажет.
Өңір бойынша 7,5 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Автор: skocontrol · 15.07.2022
241
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT