Меню KDT
#балаларжылы2022

15 маусым күні 3 сынып мұғалімдері Ж.Д. Сексенбаева, Г.Б. Жакупова, Д.Т. Арыкованың ұйымдастыруымен «Нептун күніне » байланысты іс-шара өтті. 
https://www.instagram.com/p/Ce0tMVeDu-m/


15 маусым күні 3 сынып мұғалімдері Ж.Д. Сексенбаева, Г.Б. Жакупова, Д.Т. Арыкованың ұйымдастыруымен «Нептун күніне » байланысты іс-шара өтті. Мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл — қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. «Адасқан әріптер» ойынымен басталды. Әріптерден «Нептун» сөзін құрап, әрбір әріпке сауықтыру алаңына қатысып жүрген оқушылардың есімдерін жарыса айтып, оқушылар мәре-сәре болды. Берік Сезім «Су патшайымы» болды. «Қолшатыр» ойыны да тартымды өтті. Әр топқа тапсырмалар берілді. «Қара жорға», «Современный би», «Рэп», «Флешмоб» билері орындалды. Ең қызықты ойын «Кім алысқа дейін?» деп аталды. Барлық топ оқушылары бір сызық бойымен тұрып,бір мезгілде суды алысқа шашуға тырысты. Өте қызықты,көңілді өтті. Балаларға ұнады.


Комментариев нет
164 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 15.06.2022 в 10:58

Возможно вас заинтересует...!