ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ.
Кез-келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас ұрпақ - болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату - мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.
Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.
16 маусым күні мектебімізде "Түлек-2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған жас түлектерімізге аттестат табыстау салтанаты өтті.
Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі мемлекеттік емтиханның қорытындысы бойынша 11 "А" сынып оқушысы Саматилла Сандуғаш "Алтын белгі" және Алтаева Нурай, Нурманова Дана, Нурманова Диана, Кадырова Қымбат "Үздік Аттестат" иегерлері атанып отыр.
Қымбатты түлектер! Сіздерге сәт сапар, ақ жол тілеміз! Болашақтарың жарқын болсын!